RU

"Шоу-бизнеске кіргізбеймін": Айгүл Иманбаева өміріндегі ғашығы туралы сыр шертті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзін түрлі актерларға қосып, олардан жұп жасайтындарға жауап берді. Өнер иесі сахна мен бейнеклиптерінде бой көрсететін сері жігіттердің ешқайсының оның жеке өміріне еш қатысы жоқ екенін айтып, өміріндегі шынайы ғашығы туралы жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Иманбаева бүгінде арқа сүйер азаматы барын жасырмады. Оған қоса, актриса сүйіктісін бұған дейін әлеуметтік желіге мүлдем салмағанын жеткізіп, онымен ел алдына тек некелескен соң шықпақ ниетте екенін айтты.

"Бір жігітпен түскен суретімді бейнебаяным шығар алдында анонс ретінде салдым. Бірақ, жеке өміріме жарнама құралы ретінде қарамаймын. Жеке өміріме еш қатысы жоқ. Сонымен қатар, былтыр театрда "Менің әйелім - өтірікші" деген комедияда менің күйеуімде 23 жастағы, ұлыммен жасты жігіт ойнады. Ол актер мамандығында таңғаларлық жағдай емес. Менің жасымдағы, менімен шамалас актерлар бізде аз.

Одан кейін мені Нартай деген курстасыма қосты. Екеуімз киноға барып кездесіп қалдық. Содан шыққаннан кейін қол ұстасып, әңгімелесіп келе жатқанбыз. Сөйтсем, бізді менің директорым артымыздан суретке түсіріп алған. Онымен түскен фотоны да қызығушылық арттыру үшін сала салдым. "Кім деп ойлайсыздар?" деп. Ештене айтқан жоқпын. Кейін Нартайдың өзі салыпты.

Ал енді менің өмірімдегі адамды мен еш уақытта әлеуметтік желіге шығарған емеспін, шығармаймын да. Ертең тұрмыс құрып, отбасылы болып жатқан кезде баратын жерге бірге баруымыз мүмкін. Оның өзінде мен оны шоу-бизнестің ішіне кіргізбеймін" , - деді Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаеваның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші мәрте үйленген болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Желіде оның құда түсуінен фото тарап кеткен.

Сонымен қатар, Иманбаева жан құрбысы әрі продюсері Баян Алагөзоваға не үшін өкпелеп жүргенін айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шоу-бизнеске кіргізбеймін": Айгүл Иманбаева өміріндегі ғашығы туралы сыр шертті
Mailfire view pixel