RU

Нұр-Сұлтанда жасы 70-ке таяған қария 8 жылдан бері вокзалды паналап жүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірінші топ мүгедегі – 69 жастағы Ерсайын Басекенов 8 жылдан бері теміржол вокзалдарын паналап жүр. Денсаулығына байланысты ем алу үшін Семейден Нұр-Сұлтанға айына 7-8 рет келіп кетеді. Баспанасы болмағандықтан қарт адам вокзалда түнеуге мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Кадрлар: "Астана" телеарнасының видеосынан

Кадрлар: "Астана" телеарнасының видеосынан

1 топтағы мүгедек қарт кісі 2011 жылдан бері Нұр-Сұлтанға келіп, ем қабылдайды. Екі аяғы протез, үлкен және кіші дәреті ұстамайды.

Вокзалдың кезекшілері қарияны 2 жылдан бері танитындарын жеткізді. Тіпті, вокзалдан күтіп алып, шығарып салады. Ол кісіге қарайласатын арнайы бір адам бөледі.

Қария үй-жайы болмағандықтан, кейде аураханада, кейде вокзалда түнеуге мәжбүр екенін айтады.

"2011-ден бастап мен ескі вокзалда болдым. Семей қаласында немесе басқа жерде дәрі-дәрмек, врачтардың емдеу сапасы бөлек. Сондықтан, мен осында емделдім, жүрегіме операция жасалды. Стент қойды, сосын аяғыма протез салды", – дейді ол.

Бүгінгі таңда мүгедек қарттың басты проблемасы – баспана. 2016 жылы елордада үй кезегіне тұрғанын жеткізді.

Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Аида Меңдібаева бұл мәселеден хабары бар екенін мәлімдеді. Айтуынша, ол әкімдік ұсынған уақытша баспанада тұрудан бас тартқан.

Ерсайын Басекенов соңғы екі жылда "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалында тұрып жатыр.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде жол бойында мүгедек азаматтың арбасын итерген иттің видеосы тарады. Бейнежазба @taraz_life парақшасында пайда болды. Онда жол жиегінде кетіп бара жатқан мүгедек азаматты артынан иті басымен итеріп келе жатқанын аңғаруға болады.

А. Данияр

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда жасы 70-ке таяған қария 8 жылдан бері вокзалды паналап жүр
Mailfire view pixel