Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл қарсаңында тегін сыйлыққа таласқандар тапталып қалды

Опубликовано:

Австралияның Сидней қаласында сауда орталығындағы қыспақтан 20-ға тарта адам зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, ұйымдастырушылар Рождество қарсаңында тегін сыйлықтар таратпақ болып, оларды шарлардың ішіне жасырып қойған.

Сөйтіп, әлгі шарларды төбеден түсіре бастағанда, жұрт таласып, бірін бірі таптап кете жаздады.

Оқыс оқиға салдарынан 5 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Тағы 12-сіне сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарға балалары үшін сапалы және қауіпсіз тәтті сыйлық алу үшін бірнеше ережені ұстану керектігін айтқан болатын.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев қазақстандық шенеуніктерге үндеу жолдап, жаңа жылдық сыйлықтан бас тартуға шақырған болатын.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметкерлердің кішігірім сыйлықты қабыл алуының өзі этика мен заң бұзушылық болып есептеледі екен.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап байлықта өмір сүру үшін 7 кеңесті ұсынған едік.

Кеңеске құлақ түрсек ең алдымен жыл соңында барлық қарызыңыздан құтылып, тышқан жылын берекемен бастаған дұрыс екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1833338-zaa-zyl-karsaynda-tegin-syjlykka-talaskandar-taptalyp-kaldy/

pixel