Выйти
RU

Қырғызстандық жүргізушілер Қазақстанның жол полициясына шағымдануда (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

23 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының ондаған жүк тасымалдаушысы үкіметтің жергілікті өкілетті ғимараты маңына жиналып, қазақстандық жол полицясы қызметкерлеріне наразылықтарын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turmush сайтына сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Жиналғандар жеңіл және жүк көліктерімен Қазақстанға жүк тасиды. Олар мәселелерін шешуге көмектесуін сұрап, билік өкілдеріне жүгінген.

Жүргізушілердің бірінің айтуынша, жиналғандардың барлығы – Талас облысының тұрғындары.

"Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан жүргізушілерге қысым көрсетіледі. Егер біз жол қозғалысы ережелерін бұзсақ, бізге хаттама толтырылып, қолданыстағы заңнама шеңберінде айыппұл төлейміз. Алайда, қазір бізге соңғы 2-3 жылдағы айыппұлдар бойынша хаттамалар беріп жүр. Біз олар жайлы білмейміз де. Жол қозғалысы ережелерін бұзған үшін жер аудару сынды шара қабылданады. Ал ондай шара қабылданса, 5 жылға елге кіруге тыйым салынады.
Тоқтатқан кезде біз туралы барлық ақпаратты біліп, суретке түсіреді. Бірақ, бұзушылық туралы хаттамалардың арасында Қазақстан аумағына кірмеген мезгілдер де көрсетілген. Бүгінгі таңда айыппұл төленбеді деген сылтаумен 10 жігітті Қырғызстанға жер аударды.
Ондай шара қабылдамас бұрын алдын ала ескертпейді де. Басқа ел аумағына кіргенде көлікті ұқыпты жүргізіп, жол ережесін бұзбауға тырысамыз. Бір жыл ішінде жазылған 4-5 хаттама бойынша айыппұл төлейміз. Ал жаңа хаттамалардың қайдан шығатынын білмейміз", - дейді көлік жүргізушісі.

Өз кезегінде, үкіметтің өкілетті өкілдігі басшысының бірінші орынбасары Канымет Осмонбеков өңір тұрғындарының кешелі бері шағымданып жатқандарын жеткізді.

"Бүгін жүргізушілердің атынан алты адам жүгінді. Шағымдар Қазақстанның жол-потрульдік қызметіне қатысты. Атап айтқанда, олар жасамаған бұзушылықтары үшін айыппұлдар жазылатынын алға тартуда.
Оларға тіпті, 2016 жыл үшін хаттама беріледі екен. Жүргізушілермен сөйлесіп, жазбаша түрде фактілер ұсынуды сұрадық. Мәселе басқа елге қатысты болғандықтан, сыртқы істер министрлігіне жүгінеміз", – деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамайтынын мәлімдеген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстандық жүргізушілер Қазақстанның жол полициясына шағымдануда (видео)
Mailfire view pixel