RU
"250 млн доллар төлеуге дайын": Ресейлік әншілер корпоративтік кештерде қанша алады

"250 млн доллар төлеуге дайын": Ресейлік әншілер корпоративтік кештерде қанша алады

Рассказать Вконтакте

Ресейлік продюссер Евгений Морозов корпоративтік кештерде ең көп табыс табатын әртістерді атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: commerage.ru

Фото: commerage.ru

Оның айтуынша, мерекелік шаралардағы табысы ең жоғары музыканттардың үздік бестігі 10 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. Олардың арасында: Григорий Лепс, Валерий Миладзе, Лолита Милявская, Дима Билан және Леонид Агутин.

Продюссер аталған әртістердің әрқайсысы жылына жүз корпоративтік кеште өнер көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Морозов әнші Юрий Антоновты жеке іс-шараға шақырудың қиын екенін жеткізді. Айтуынша, адамдар бұл орындаушыны өз мерекелерінде көру үшін 250 мың доллар төлеуге дайын.

"Юрий Антонов үлкен сұранысқа ие. Алайда, әншінің жасы мен мінезін ескере отырып, оны корпоративтік кешке шақыру өте қиын. Сол себепті ол жеке мерекелік шаралар үшін ең қымбат әртіс болып табылады", – дейді продюссер.

Ол әншілер арасында Лолитаның да үнемі сұраныста екенін айтады. Әнші жеке іс-шараларда 35 мың долларға өнер көрсетеді. Морозов Полина Гагаринаны мерекеге шақыру үшін – 80 мың еуро, ал Вера Брежневаны көргіңіз келсе – 100 мың еуроға дейін ақша жұмсауға тура келетінін атап өтті.

Бұлардан біршама төмен бағаға өнер көрсететін әртістер қатарында Владимир Кузьмин мен Сосо Павлиашвили бар.

Кузьминді – миллион рубльге, ал Павлиашвилиді – 600 мың рубльге жалдауға болады.

Ал ең көп сұранысқа ие корпоративтік кеш жүргізушілері – Иван Ургант пен Максим Галкин. Олардың гонорарлары шамамен 80 мың еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, қазақстандық белгілі асаба әрі шоумен, элиталық тойларды басқаруы арқылы танылған Руслан Искаков байлардың тойына жиі шығатын әншілер туралы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel