RU

Саясаткер: Қазақстандықтардың басым бөлігі – өте кедей

Telegram logo VKontakte logo

Президент жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, саясаткер Ерлан Саировтың пікірінше, қазақстандықтардың басым бөлігі – өте кедей деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Facebook

Саясаткер өзінің Facebook парақшасында осы туралы пост жариялады. Өз жазбасында ол азаматтардың Қазақстандағы әлеуметтік әділеттілікке деген сұраныстары арта беретінін жеткізді.

"Біздің азаматтарымыздың басым бөлігі – өте кедей. БҰҰ стандарттарына сәйкес, еліміздің халқының 19 пайызы кедейлер қатарына жатады. Кедейлік азаматтардың денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін бұзады, мемлекетке бейбіт әрі бақытты өмір сүруге кедергі келтіреді.
Сондықтан да мемлекет үшін кедейліктің құны тым қымбат! Азаматтардың әлеуметтік әділеттілікке деген сұраныстары арта береді", – деп есептейді Саиров.

Оның пікірінше, ірі бизнес пен мемлекет бірігіп, елдегі өмір сапасын арттыру мәселесін ойластыруы қажет. Қаржылық элита дамудың жаңа тәжірибесіне өтудің және оны қолдаудың катализаторына айналуға міндетті.

"Осы орайда Фрэнсис Фукуяманың сөздерін келтіріп өткен артық етпес деп ойлаймын: "Абыройлы болуға ұмтылу – шешуші маңызға ие. Адамдар өздерінің басқалар секілді жақсы көрінуін қалайды", – деп жазды Ұлттық кеңес мүшесі.

Айта кетейік, Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Саясаткер: Қазақстандықтардың басым бөлігі – өте кедей