Выйти
RU

Тойға тәттіні "прокатқа" алады: Өзбекстандағы тойлар қалай өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда жайылған ақ дастарханның мейманы болған келіншек көрші елдегі тойдың қызықтарын айтты. Ол өзбек халқы ысырапшылдыққа жол бермейтініне тамсанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Заманаға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: Замана

Көрнекі фото: Замана

Келіншектің сөзінше, Өзбекстанда қонақтар той дастарханын пакетке салып, алып кетуді білмейді.

"Тойдың қызығы өз алдына ғой, мен ол жақта ысырапқа жол бермейтінін байқадым. Біздегідей дастарханда бос орын қоймай, құстың сүтінен басқасының бәрін қойып, оны пакеттеріне салып әкетіп жатқан әйелдерді көрмедім. Естуімше, ол жақта жеміс-жидек, кәмпит-пішінәй, тәтті сусындар және тағы басқа дастархан сәні үшін қойылатын заттарды той иесі тойхананың өзінен жалға алады екен.
Оны білетін тойға келген қонақтар ондай заттарды тұтынбайды. Біздегі сияқты пакеттеріне салып үйлеріне әкетпейді. Той біткесін той істеген адам әлгіндегі заттардың бәрін санайтынын санап, таразыға өлшейтінін өлшеп, тұтынған заттың ақшасын ғана төлеп, қалғанын өздеріне қайтарып береді екен", - деп баяндады ол.

Ал бұл тойхана қожайынының той иесіне жасаған жеңілдігі көрінеді.

"Біз, шымкенттіктер оны қайдан білейік, чак-чактан біраз жеп қойыппыз. Ал ол жақтың адамдары тамақ пен салаттарды ғана жеп, "арендаға" алған тәттілерге қол созбайды екен", - дейді келіншек.

Ал "отыз күн ойын, қырық күн тойын жасау" қазақ халқы үшін үйреншікті жағдай. Алайда, көптеген ата-ана ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанда қарызға белшесінен батып жатады. Олар "жұрттан қалмайық" деген ұстаныммен есепсіз ақшасын шашып, осындай жағдайға тап болуда. Шындығына келетін болсақ, үлкен шығынсыз керемет той өтпейді деу қате пікір. Сондықтан, шығынсыз той жасаудың 7 жолын оқи жүріңіз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тойға тәттіні "прокатқа" алады: Өзбекстандағы тойлар қалай өтеді
Mailfire view pixel