RU

Жәрдемақы, жалақы, несиелер: 2020 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2020 жылы Қазақстандағы әлеуметтік саланың (жәрдемақы, жалақы және несиелер) қалай өзгеретінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жәрдемақылар қалай өзгереді

Келесі жылдан бастап еңбекке қабілетсіз немесе жұмысынан айырылған қазақстандықтарға төленетін жәрдемақы 30%-ға өседі. Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандар үшін де төлемдер артады.

Жәрдемақыларға 30% қоспас бұрын оларды индекстейді, яғни яинфляция деңгейін есепке алып көтереді. 2020 жылы 5% көтеріледі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді - елде үш оңалту орталығы салынады. Олар солтүстік және оңтүстік астаналарда, сондай-ақ Көкшетауда пайда болады.

Жалақылар мен зейнетақылар қалай өзгереді

2020 жылы ұстаздардың, дәрігерлердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Одан бөлек, ең аз жалақы бір жарым есеге өсіп, ол 42,5 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге жарты миллион ұстаздың жалақысы 25%-ға, 200 мыңнан аса дәрігердің жалақысы 30%-ға, ал медбикелердің еңбекақысы 20%-ға артады.

2 миллионнан астам қазақстандық зейнеткерлер үшін инфляцияны ескере отырып зейнетақылардың өсуі 7% құрайды. Сондай-ақ, инфляцияны ескере отырып, жәрдемақыны қайта санайды - олар 5%-ға артады

Көпбалалыларға арналған несие

Келесі жылдан бастап көп балалы отбасыларға және табысы аз отбасыларға шағын несие беру қол жетімді болады деп жоспарлануда. "Eңбек" бағдарламасының аясында кәсіпкерлер өз бизнесі үшін тиімді несие ала алады. Несие мерзімі 7 жылға дейін ұзартылып, жылдық мөлшерлемесі 4%-ға дейін төмендетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы бес жылда білім саласының қалай өзгеретінін айтып берген еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жәрдемақы, жалақы, несиелер: 2020 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр
Mailfire view pixel