Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды

Опубликовано:

Қызылорда қаласының орталық алаңында орналасқан бас шыршаның шамын жағу салтанатты рәсіміне облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Сән - салтанаты жарасқан Жаңа жылдық әсем шыршаның биіктігі 23 метр, ені 10 метрді құрайды.

Ертегілер еліне еліктірер ғажайып мерекенің басты символы саналатын – Жаңа жылдық шырша Әсем ойыншықтар мен түрлі жарықшамдармен жабдықталған.

Расында, ерекше безендірілген әр түрлі түстер мен бейнелерді құрайтын жарықтар, түрлі формадағы жарықшамдар кез келген қала тұрғындары мен қонақтарының көз жауын алып айналасының ерекше сәнін келтіріп тұр.

Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Биылғы жылы Жаңа жылдық Бас шыршаны салтанатты жағу құрметі:

  • Қызылорда қаласының құрметті азаматы, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, 2019 жылдың қорытынды айтысының І орын иегері және «Айтыстың Ақтаңгері» атағын Иеленген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов;
  • 2019 жылдың қорытындысымен КТА ойындарының чемпионы «Қорқыт құрамасы» командасының капитаны Нұрлыбек Асанбаев;
  • Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» футбол командасының капитаны Думан Нәрзілдаев;
  • Қазақ күресінен әлем чемпионы Сәлімгереев Нұрым;
  • «Бала дауысы» республикалық байқауының жүлдегері Қаһарман Сезім және Халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері Төлеген Ділназға бұйырды.
Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Әсем шыршаның айналасында қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнерпаздар арнайы дайындаған мерекелік шаралар ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері би билеп бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

Мұнан бөлек қала көлемінде биіктігі 10 метрді құрайтын қосымша 4 жерге әсем шыршалар орналастырылады.

Сонымен қатар, қала көшелерінің бойында, аллеялар және саябақтар, орталық алаң секілді көпшілік орындарда жаңа жылдық ою-өрнектер мен ертегі кейіпкерлері бейнесінде светодиотты безендірулер, тақырыптық үгіт-насихат құралдары (билборд) орналастырылды.

Жалпы бұл жұмыстардың барлығына (жаңа жылдың безендіру) қалалық бюджеттен 4,6 млн теңге қаржы қарастырылған.

Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Айта кету керек, Қызылорда қаласы басқа облыс орталықтарымен салыстырғанда Жаңа жылдық безендіруге ең аз қаржы жұмсаған қалалардың қатарында.

Бұл туралы, бұған дейін біз еліміздің бірқатар қалаларында Жаңа жылдық безендіруге жұмсалған қаржы туралы салыстырмалы материал жариялаған болатынбыз.

Қызылорда қаласында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Жалпы, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында түрлі шаралар жоспарланған.

Ал, 31 желтоқсан күні орталық алаңда өтетін мерекелік гала концертте эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Қуандық Рахым қызылордалықтар үшін арнайы өнер көрсетеді деп күтілуде және Жаңа жылдық шараның тағы бір тартуы мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833409-kyzylorda-kalasynda-zaa-zyldyk-bas-syrsany-samy-zagyldy/

pixel