RU
Денесі ауладан табылды: Талдықорғанда әскери қызметкерді атып кетті

Талдықорғанда әскери қызметкерді атып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында әскери қызметкерді атып тасады. Марқұмның денесі 2019 жылдың 24 желтоқсанында Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданындағы аулалардың бірінен табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Полицияның хабарлауынша, жергілікті әскери бөлімдердің бірінің 36 жастағы әскери қызметшісінің денесі Қараталдағы ауладан табылған.

Марқұмның денесінен оқ тиген жарақаттардың бары анықталыпты.

Қазір облыстық полиция қылмысты ашып, күдіктіні анықтап, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Аталған деректі тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша тіркеген.

Ведомствоның хабарлауынша, іс полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны екі адамды атып, 24 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды. Қаза тапқан екеу қылмыскердің танысы, инкассаторлар болған.

Айыпталушы марқұмдардан 7,5 млн теңге тонаған. Сонымен бірге, қандықолдың ақша мен қаруды өзінде сақтаған танысы да сотқа тартылды.

Сондай-ақ, жақында өзі жалдаған өзбек жұмысшысын өлтірген Маңғыстау тұрғыны 10 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel