RU
Канадада көз жұмған қазақстандық жігіттің достары оның қандай болғанын айтты

Канадада көз жұмған қазақстандық жігіттің достары оның қандай болғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Канадада қайтыс болған қазақстандық студенттің достары оны робототехника мен покерді жақсы көретін жігіт ретінде сипаттап отыр. Достарының сөзінше, олар болған жағдайға әлі де сене алар емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: globalnews.ca / toronto.citynews.ca

Видеодан кадр: globalnews.ca / toronto.citynews.ca

Қайтыс болған қазақстандықтың достарының бірі перулік Карлос Инхоса журналистермен тіледскен кезде көз жасын тыя алмаған.

Карлостың сөзінше, қайғылы оқиға болатын күні оның Дамир есімді қазақстандық досы покер ойнайық деп хабарлама жіберген деп жазады Global News. Олар карта ойнау үшін жиі жиналған, дәл сол күні де кәдуілгі күндердің бірі болуы тиіс еді.

Алайда хабарлама жіберген соң алты минуттан кейін қазқстандық пен Қытайдан келген екі ағайынды студентті автокөлік қағып кеткен. Апаттың салдарынан біздің отандасымыз бен ағайындылардың бірі оқиға орнында қайтыс болаған.

Карлостың сөзінше, Дамир өзін мақтан тұтып, Канадаға қоныс аударғанына қуанған анасы туралы жиі айтқан.

Қазақстандықтың тағы бір Стюарт есімді жолдасы өмірінде Дамир сияқты жағымды адамды мүлдем кезіктірмегенін атап өткен. Өзінің қаза боларынан бір-екі күн бұрын қазақстандық Стюартқа жатақханада мерекелік кешкі ас ұйымдастырғысы келетінін айтқан.

Басылымның хабарлауынша, кісі өлтірген күдіктіге 9 айып тағылған. Жол көлік оқиғасы болған сәтте оның қанында алкоголь болғанын сараптама дәлелдеп берген.

Сот оның кепілақы төлеп босату туралы өтінішін кері қайтарған. Алғашқы отырыс 3 қаңтарда болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Канадада қазақстандық студентті көлік қағып, мерт қылғаны туралы ақпарат тарады.

Артынша Сыртқы істер министрлігі жас жігітітің өлімін растап, қазақстандық тараптың істі бақылауына алатынын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel