RU
2020 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2020 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Рассказать Вконтакте

Жаңа 2020 жыл – тышқан жылының келуіне бір аптадан аз уақыт қалды. Осыған орай KAZ.NUR.KZ белгілі нумерорлог Гүлжиян Жаниевамен сұхбаттасып, Қазақстан халқын 2020 жылы не күтіп тұрғанын біліп қайтты.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

- Гүлжиян нумерологиямен айналысып жүргеніңізге қанша уақыт болды? Өзіңізді біздің оқырмандарға таныстырып өтесіз бе?

Аты-жөнім Гүлжиян Жаниева, Ақмолы облысының Ерейментау ауданынан боламын. Нумерологияны логика үшін ұнатамын. Бұған дейін негізі мектепте жұмыс істегенмін. Білімім бойынша орыс тілі және әдебиетінің мұғалімімін. Нумерологияны зерттеп жүргеніме 3 жылдан астам уақыт өтті.

- Көпшілік көріпкелдік пен нумерологияны шатастырып жатады... Жалпы екеуінің нендей айырмашылығы бар?

Иә кейде екі саланы ажырата алмай жатады. Көріпкелдікке келер болсақ, ол интуитівті болып келеді. Ал нумерология – потенциалды есептеуге негізделеді. Мысалы келер жылдың потенциалын есептеу керек болады. Яғни одан не күтуге болады, тәуекелге бел бууға бола ма, жұмысты ауыстырса қалай болады және т.т. Мұндай есеп адамның аты-жөні мен оның туған күніне байланысты есептеледі.

- Жаңа жыл демекші, оның келуіне де аз уақыт қалды...2020 жыл қазақстандықтар үшін қандай жыл болмақ?

Біріншіден, жыл оңынан болады. Көпшілігімізді жаппай өзгерістер күтіп тұр, яғни өмірде біз күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Бұл жерде жалпылап айта алмаймыз, бірақ жылдан өзгерістер күту керек. Ел үкіметінде жыл бойы кадрлық өзгерістер болуы ықтимал. Сондай-ақ 2020 жылы жаңадан құрылатын отбасылар көп болады. Негізі бұл жыл – отбасы жылы болайын деп тұр, себебі құрылатын жанұялардың іргесі берік болмақ және бұл жылы денсаулықты күткен дұрыс болады.

- Жаңа жылда неге ұмтылып, неден керісінше аулақ болған дұрыс?

Денсаулыққа көп мән беруге тура келеді. Адамдар бар күшін жұмыс пен қызметіне, жоспарларын жүзеге асыруға жұмсау керек. Себебі келер жыл жаңа бастамаларға қолайлы жыл болмақ.

- Ал елдің әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларында қандай өзгерістер болады?

2020 жыл Қазақстанға екі жаңа шығармашылық адамын сыйлайды және дәл осы мәдениет саласында екі бірдей маңызды жоба болады деп айта аламын. Ол жобалар үлкен жоба болады, сондықтан ол екеуінен де халық хабардар болады.

- Жаңа жылға деген тілегіңіз?

Барлық қазақстандықтарға өз жанұяларын сақтап, оларды аяласа екен деген тілек айтқым келеді. Жаңа жыл – отбасылық мейрам, сол себепті әр адам өз отбасымен бақытты болса екен деймін.

Әңгімеңізге рахмет!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel