RU
Алдағы күндері Қазақстанда боран, тұман және көктайғақ болады

Алдағы күндері Қазақстанда боран, тұман және көктайғақ болады

Рассказать Вконтакте

Алдағы уақытта Қазақстанда боран, тұман және көктайғақ болады. Елімізде ауа райы Батыс Сібірден, сондай-ақ Қара және Жерорта теңізіндегі ауа массасының ықпалымен қалыптасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің шығысында атмосфералық фронттың келуімен қар жауып, боран соғады, ал синоптиктер бірден антициклонның келуіне байланысты күн суытады деп болжауда. Мұның барлығын 25 мен 28 желтоқсан аралығында күту керек.

Өз кезегінде, Қара және Жерорта теңіздерінен жылы ауа массалары келетін елдің батысында температураның жоғарылауын күтуге болады.Синоптиктер республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болады деп болжауда.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан әуе айлағы қармен көмілді. Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының аумағынан соңғы бірнеше күн ішінде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Айта кетейік, еліміздің экология министрлігі арнайы зерттеу жүргізіп, Қазақстандағы ауасы ең лас өңірлерді анықтады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қарағанды мен Павлодар еліміздегі ауасы ең лас өңірлер болып табылған.

Телеарнаның мәліметінше, ауаны ластауға үлкен үлес қосып отырған салалардың ішінде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, тау-кен металлургия секторы, мұнай өндіру мен көлік құралдары бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel