RU

Павлодарда жас қыз перзентханада тастап кеткен сәбиіне қайтып оралды

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестесін отбасылық жағдайларына байланысты тастауға мәжбүр болған жас ана сәбиіне қайтып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл оқиға 21 желтоқсанда басталған. "Ана үйі" қоғамдық қорының координаторы Әсел Әбішева өзінің Facebook парақшасында баласынан бас тартқан студент туралы айтқан.

Әбішеваның сөзінше, ол алғашқы күні жас қызды баланы тастау туралы ойынан қайтарыпты. Алайда студенттің үлкен әпкесі жағдайды біліп қойып, ол баласынан бас тартуға мәжбүр болған.

Дегенмен жағдай кейіннен өзгерген.

Әсел Әбішеваның айтуынша, жас ана баласынан ажырап кете алмапты. Сөйтіп, координатордан нәрестесін қайтаруға көмектесуін өтінген.

Бойжеткен Әселге WhatsApp арқылы хабарлама жазып, өзінің әрекетінің дұрыс еместігін, қызын қайтарып алғысы келетінін жазған.

"Ол менсіз түні бойы жылаған болар. Менің жүрегім ауырып жатыр. Одан бас тартқаныма қатты өкінемін. Маған көмектесіңізші, өтінемін!", - делінген студент қыздың хатында.

Әсел жас анаға көмектесіп қана қоймай, олардың орталықта тұруына жағдай жасаған.

"Қазір ол өзінің сәбиімен бірге. Тағы біраз ауруханада жата тұруы керек. Бас тарту туралы өтінішті жыртып тастадық", - деді ол.

Еске сала кетсек, Өскемен-Алматы бағытында қатынайтын № 351 жолаушылар пойызында әйелдің толғағы басталып, жолсеріктер шұғыл түрде келіншекті босандырып алғаны хабарланды. Дүниеге ұл бала келген. Оның есімін Матвей деп қойыпты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда жас қыз перзентханада тастап кеткен сәбиіне қайтып оралды
Mailfire view pixel