RU

Тасова кеудесіне пластикалық ота жасағанға дейін өзінің қандай болғанын көрсетті

Telegram logo VKontakte logo

Танымал модель Динагүл Тасова кеудесіне пластикалық ота жасағанға дейін, өзінің қандай болғанын көрсетті. Желіге жаңа сурет жүктеген ол, желі қолданушыларын тағы да таң қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram: Instagram

Белгілі сәнгер желідегі парақшасына суреттің қанша жасында түсірілгенін де жазған.

"Бұл суретке 3 жылдан астам уақыт өтті. Қайран 26 жасым, ол кезде жігітім болған, айтпақшы бұл жерде мен кеудеме ота жасатпаған кезім. Сіздер ота жасатқаннан кейін мен ашық-шашық күйде суретке түсе бастадым деп ойлаған шығарсыздар?

Жоқ қателесесіздер. Ол уақытта да менде көптеген көрсетілімдер мен фотосессиялар болған.

Олардың санын тіпті өзім де ұмытып қалыппын. Кеше компьютерді ақтарып отырып, осындай тамаша суретті тауып алдым. Айтпақшы менің қолымда не бар?", - деп жазба қалдырған ол.

Аталған суретке қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған.

Олардың бірі "Әдемісіз", "Ешкімнің сөзіне қарамай, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналыса беріңіз" деп жазса, енді бірі "Ұялмайды екенсің", "Мақтанатын сурет емес" деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, танымал модель алғаш рет көпшілікке сән көрсетілімі кезінде сахнаға кеудесін ашып шығып, танылған еді.

Ол отандық бағдарламаларға берген сұхбаттарының бірінде өзіне ұятсыз роль ұсынылғандығын мәлімдеген еді.

Өз атына келіп түсетін сынға қарамастан, жақында ғана атышулы сәнгер сахнаға тағы да кеудесін ашқан күйі шыққан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тасова кеудесіне пластикалық ота жасағанға дейін өзінің қандай болғанын көрсетті