RU

АҚШ долларының бағамы 379 теңгеден түсіп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ доллары бағамы 379 теңгеден төмен түсті. 25 желтоқсандағы KASE сауда-саттығының нәтижелері осындай деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мысалы, аптаның үшінші жұмыс күні "америкалықтың" орташа бағамы 378,60 теңгеге дейін төмендеді.

Егер алдыңғы сауда сессиясымен салыстырсақ, доллар 2,84 теңгеге арзан болды.

Егер соңғы 30 күн ішінде көрсеткіштерді алатын болсақ, АҚШ валютасының ағымдағы бағасы өз позицияларын 7,62 теңгеге тапсырды.

Оңтүстік астананың валюта айырбастау бекеттерінде АҚШ доллары сатып алушыларға орта есеппен 380,59 теңгеге ұсынылады.

Нұр-Сұлтанда сатудың орташа бағасы сәл төмен - 380,30 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2020 жылы Қазақстандағы әлеуметтік саланың (жәрдемақы, жалақы және несиелер) қалай өзгеретінін айтып берді.

Келесі жылдан бастап еңбекке қабілетсіз немесе жұмысынан айырылған қазақстандықтарға төленетін жәрдемақы 30%-ға өседі. Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандар үшін де төлемдер артады.

Жәрдемақыларға 30% қоспас бұрын оларды индекстейді, яғни яинфляция деңгейін есепке алып көтереді. 2020 жылы 5% көтеріледі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді - елде үш оңалту орталығы салынады. Олар солтүстік және оңтүстік астаналарда, сондай-ақ Көкшетауда пайда болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ долларының бағамы 379 теңгеден түсіп кетті
Mailfire view pixel