RU

Оралда 17 жастағы студент жатақхана терезесінен құлап, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Кеше 24 желтоқсанда түнгі үш шамасында 2002 жылғы жас жігіт жатақхананың алтыншы қабатында терезені ашамын деп, абайсызда құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға куәгерлері жас жігітті құтқармақ болғанымен, ол ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Оқиғаның орын алғанын Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы да растап отыр.

"Жігітпен бірге келгендердің айтуынша, шамамен түнгі сағат 02:30-да жас жігіт терезе ашпақ болып, жатақхананың алтыншы қабатының терезесін ашпақ болып, абайсызда құлап кеткен.

02:50-де ол облыстық көппрофильді аурухананың қабылдау бөліміне өлі күйінде жеткізілді", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін, тағы бір студенттің қайтыс болғаны белгілі болған еді. Канадада білім алған қазақстандық студентті көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.

Кейін сыртқы істер министрлігі жас жігітітің өлімін растап, қазақстандық тараптың істі бақылауына алатынын мәлімдеген.

Артынша жас жігіттің достары оның өмірде қандай болғанын айтып берген болатын. Олардың айтуынша, Канадада қаза тапқан Дамир есімді студент, өзін Канадаға қоныс аударғанына қуанған анасы туралы жиі айтқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда 17 жастағы студент жатақхана терезесінен құлап, мерт болды
Mailfire view pixel