Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді

Опубликовано:

Көкшетауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыс жұртшылығының қатысуымен салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді

«Көкшетау» мәдениет сарайының холлында қонақтар үшін экономиканың түрлі салаларында инновациялық технологияларды көрсететін жас ғалымдар мен кәсіпкерлердің стартаптары ұсынған «Тәуелсіздік елінің ұрпақтары» көрмесі ұсынылды.

Құттықтау сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәуелсіздік күнінің тарихи және саяси маңыздылығын атап өтіп, өңірдің ағымдағы жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді
«30 жылға жуық уақыт ішінде біз өз жоспарларымызды жүзеге асырып,арманымыздағы мемлекет жаңа Қазақстанды құрудамыз. Бізге ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асыру мәртебесі берілді, - деді аймақ басшысы.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, ағымдағы жылы өңір барлық әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500 мың шаршы метр немесе 5 мың пәтер пайдалануға беруді жоспарланып отыр, оның 448 мың шаршы метрі пайдалануға беріледі», - деп толықтырды облыс әкімі.

Жол саласында 70-тен астам жобаны жүзеге асыру арқасында 50 елді мекенде 400 км жол жөнделді.

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді

40 елді мекенде 945 км су құбыры желілері мен 84 км су бұру желілері іске қосылады, осының арқасында халықты орталықтандырылған сумен қамту 84% - ға дейін артады.

Білім беру саласында да оң серпін байқалады. Өңірде балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыз қамту міндеті орындалды. Халық үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында 27 заманауи спорт алаңы ашылды, оның 11-і инвесторлар есебінен салынды.

Іс-шара соңында ең жағымды және маңызды бөлім болды. Тәуелсіздік күніне орай ерекше еңбегі үшін ақмолалықтардың үлкен тобы мемлекеттік марапаттарға ие болды. Аграрлық саланың, өнеркәсіптің, әлеуметтік саланың үздік өкілдеріне Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдары, құрмет грамоталары табыс етілді

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді
«Мен үшін үлкен марапат – «Құрмет» орденін алу үлкен құрмет. Өз кезегінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында біздің кәсіпорын 150 орынға арналған балабақша салып, оны мемлекетке өтеусіз береміз», - деді «Мәншүк» ЖШС директоры Тимур Пішенов.

Мереке қарсаңында тағы бір қуанышты оқиға еңбек ардагері Қожахмет Балахметов пен «Родина» Агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэрге Ақмола облысының Құрметті азаматы атағын беру болды.

Мерекелік салтанатты жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ақмола облысында Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді

Айта кетейік, ұлттық мереке қарсаңында көптеген әлеуметтік нысандар – Көкшетау қаласында жеңіл атлетика манежі, Степногорск қаласында медициналық орталық, шағын және орта бизнес нысандары, Көкшетау қаласында, Бурабай, Жақсы, Сандықтау және басқа да аудандарда пәтер кілттері тапсырылды.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында облыс тұрғындарының қатысуымен 500-ден астам ірі іс-шара ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833484-akmola-oblysynda-tuelsizdik-kni-merekesi-ke-klemde-atalyp-tildi/

pixel