RU

Назарбаев ішкі істер министрі мен бас прокурорды қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

ввввв

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда/архив

Кездесу барысында Елбасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды.

Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.

Сонымен қатар, Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Ал бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдаған болатын.

Кездесу барысында бас прокурор Қазақстан президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады.

Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев ішкі істер министрі мен бас прокурорды қабылдады
Mailfire view pixel