RU

"Ақиқат туатыны белгілі": Елбасы Путинмен қалай дауласқанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новости басылымына берген сұқбатында Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесулері қалай өткені туралы айтып берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Ақиқат туатыны белгілі": Елбасы Путинмен қалай дауласқанын айтты

Фото: ru.sputnik.kg

Елбасының сөзінше, екеуінің арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.

Олардың әр кездесуі бекітілген регламент шегінен асып, хаттама бойынша бөлінген уақыт та жиі созылып кетеді екен.

"Біз мәселелерді жиі талқылаймыз, пікір алмасамыз, кейде дауласамыз, өз ұстанымдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуге тырысамыз. Бұл Еуразияның екі ірі мемлекеті басшыларының жұмыс барысы. Пікірталастан ақиқат туатыны белгілі", - деп атап өтті Назарбаев.

Бұған қоса, Елбасы 2000 жылы Ресей президенті атанған Владимир Путиннің сол кезде-ақ саяси тәжірибесі мол болғанын алға тартты.

"Сондай-ақ, ол ашық болды. Путин достары мен әріптестерінің пікірін тыңдауға дайын еді", - деп толықтырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей басшысының уәдесін алу оңай емес екенін де жеткізді.

"Путин үшін өз уәдеңді орындау – ар мен намыстың ісі. Дегенмен, оның уәдесін алу оңай емес екенін атап өткім келеді. Владимир Владимирович - нағыз достықтың құнын білетін адам", - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдағанын жариялаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақиқат туатыны белгілі": Елбасы Путинмен қалай дауласқанын айтты
Mailfire view pixel