RU
"Мүшеқап іздеген": Cудья экс-жолсеріктерге шыққан жаңа үкімді түсіндірді

"Мүшеқап іздеген": Cудья экс-жолсеріктерге шыққан жаңа үкімді түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Қостанай сотының төрағасы 25 желтоқсан күні "Тальго" экс-жолсеріктеріне шыққан жаңа үкімді түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Темір жолдың бұрынғы қызметкерлерінің әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал алғашқы вердикт бойынша олар "Зорлау" бабына сәйкес 2,5 жылға сотталған еді.

Судья Жасұлан Достияровтың айтуынша, енді іс алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыс ретінде қаралды.

Оның түсіндіруінше, Жетес Үмбетәлиев жәбірленуші келіншек келе жатқан алтыншы вагонда болған. Ал Қолқанат Құрманиязов - 11 вагонның жолсерігі, сондықтан алтыншы вагонға келуі кездейсоқтық емес.

Сондай-ақ, жолаушыға дәл осы адамдардың сексуалды зорлық көрсеткені анықталға. Келіншек өз келісімін бермеген.

Судьяның айтуынша, куәгерлік жауаптар Үмбетәлиевтің алдын ала төсек қатынасына дайындалғанын көрсетіп отыр. Ол, сондықтан, пойыздың басқа қызметкерлерінен мүшеқап сұраған.

Ал Құрманиязов 6-вагонға батарея құрылғысы керек болған соң келгенін айтады. Бірақ, айғай естіген соң купеге кіргенін жасырмайды. Оның сөзінше, сол уақытта жолаушының өзі оған қызығушылық танытқан. Бірақ, іс барысында керісінше нұсқа тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын. Кейін жолсеріктерге қатысты үкім өз күшін жойды.

Күні кеше аталған іске қатысты сот процесі өтіп, экс-жолсеріктерге жаңа үкім шығарылды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel