Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kcell және activ абонентері енді ivi онлайн-кинотеатрына қол жеткізе алады

Опубликовано:

Іvi онлайн – кинотеатрына жазылу ақысын төлеу Kcell мен activ абоненттері үшін ыңғайлы бола түсті. Бұдан былай төлемді мобильді нөмір балансы арқылы жүзеге асыруға болады. Абоненттер біркүндік пакетке, сонымен бірге отызкүндік пакетке қосыла алады.

Kcell және activ абонентері енді ivi онлайн-кинотеатрына қол жеткізе алады

Біркүндік жазылым құны 69 теңге болса, 30 күнге жазылу 1099 теңге тұрады. Қызметке келесідей тәсілдер арқылы қосылуға болады:

  1. *219# нөмірі бойынша ussd теру арқылы;
  2. 219 нөміріне 1 саны бар sms жіберу арқылы;
  3. http://ivi.activ.kz, http://ivi.kcell.kz сайты арқылы.

Басты артықшылық төлемді банктік картаны пайдаланбай-ақ мобильді телефонның балансы арқылы жүзеге асыруды атауға болады. Бұдан бөлек біркүндік немесе ай сайынғы жазылымды таңдауға мүмкіндік берілген.

Бұл тұста бір ғана жазылымды бес түрлі құрылғы, оның ішінде Smart TV арқылы қолдануға болады. Сондай-ақ, тек қана балаларға арналған контентті ұсынатын және мобильді телефондарға арналған арнайы балалар қосымшасы қолжетімді болатын балалар профилі де қарастырылған. Ал алғашқы қосылу кезінде ұсынылатын 14 күндік тегін сынақ мерзімі пайдаланушыларға берілген жағымды бонус болып отыр.

ivi – аудиториясы айына 48 млн-нан астам бірегей сайтқа кірушіні қамтитын ТМД-дағы ірі онлайн-кинотеатр. Пайдаланушылар ivi-де айына 70 млн-нан астам сағатын өткізіп, 250 млн-нан астам видеоқаралымды жүзеге асырады. Онда фильмдер, мультфильмдер мен сериалдардың ауқымды каталогы ұсынылған. Онлайн-кинотеатрдың фильмотекасында 80 мың бірлік контент бар. Олардың қатарында «Жұлдыздар шайқасы», «Джон Уик 3», «Мстители: Война Бесконечности», «Чудо-женщина» сынды т.б. хитке айналған туындылар да бар.

«Бүгінгі күні ivi әлемнің 185 елінде бар. Ал қызметтің Қазақстандағы аудиториясының саны 2 млн-нан асып артылады. Осы орайда ivi-дегі бірқатар контент топтамасы қазақ тілінде ұсынылып отыр. Ал бұл қызметтің ел тұрғындарына қолжетімділігі Kcell секілді стратегиялық маңызды серіктестік арқылы жүзеге асуы бізді қуантып отыр», - деп пікір білдірді ivi онлайн-кинотеатрының халықаралық даму жөніндегі директоры Артем Егоренков.
«Бүгінде дәстүрлі телевизияға деген қызығушылық жастар ғана емес, сонымен бірге орта буын өкілдері арасында да азайып келеді. Нарық ұсынып отырған фильмдер, сериалдар, подкасттар секілді видео-контентті пайдалану жөніндегі жаңа форматтар мен ресурстар көбеюде. ivi – біздің желіміздегі ірі видео-контент ұсынушысы. Ivi онлайн-кинотеатрына қолжетімділік –біздің абоненттер үшін лицензиясы бар, сапалы видео-контент қарауға берілген тамаша мүмкіндік. Қосылып, өз смартфоныңыз, лаптоп немесе SmartTV-де сүйікті фильмдеріңіз мен сериалдарды сүйсіне қарау үшін балансыңызда қажетті сома болса, жеткілікті», - дейді «Кселл» АҚ жаңа бизнесті дамыту бөлімінің жетекшісі Бекарыс Нұрымбетов.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833531-kcell-zne-activ-abonenteri-endi-ivi-onlajn-kinoteatryna-kol-zetkize-alady/

pixel