RU

Ташкент тұрғыны төрт жасар қызды төртінші қабаттан лақтырып жіберді

Ташкентте ер-азамат жанжал барысында өзімен бірге тұратын келіншектің төрт жасар қызын төртінші қабаттан лақтырып жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasian.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Өзбекстан Бас прокуратурасы мәлімдегендей, 20 желтоқсан күні түнгі 01:30 шамасында бұрын істі болған 41 жастағы азамат өзімен бірге тұратын келіншекпен ішімдік ішкен. Мирзо-Улугбек ауданы Шахрибод көшесінде тұратын олар алкоголь әсерімен ұрыса бастаған. Нәтижесінде ер-азамат келіншектің төрт жасар қызын 4- қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған фактіге сәйкес Мирзо-Улугбек ауданы прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қазір күдікті қолға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның үшінші мегаполисінде де қарапайым отбасылық жанжалдың соңы қанды оқиғаға ұласты. Ұрыс-керіс кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтаған, артынан суицид жасауға талпынып, өз-өзін бауыздап жіберген.

Оқиға 23 желтоқсан күні түстен кейін орын алған.

Otyrar.kz мәлім еткендей, куәгерлер бірінші қабаттағы пәтерде әйел адамның айғайлағанын, артынан көмекке шақырғанын естіген. Бірер сәттен кейін олар қансыраған келіншектің терезеден шығып, қашуға талпынғанын көрген.

Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент құқық қорғау органдарының қызметкерлері отбасылық жанжал кезінде ер адамның өз әйелін бірнеше рет пышақтағанын анықтады.

Дереккөздің ақпарынша, содан кейін ер адам суицид жасауға талпынып, сол пышақпен өз-өзін бауыздап жіберген. Нәтижесінде екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелі мен күйеуі де көп қан жоғалтқан.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833547-taskent-trgyny-trt-zasar-kyzdy-trtinsi-kabattan-laktyryp-ziberdi.html