RU
Қайын жұртында жүрген Тәуекел Мүсілімнің демалысы қалай өтіп жатыр (фото)

Қайын жұртында жүрген Тәуекел Мүсілімнің демалысы қалай өтіп жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім бүгінгі күні жарымен бірге қайын жұртының үйінде қонақтап жатыр. Өнер иесі сүйіктісі туып өскен өлкеде демалыстарын өткізуде. Қостанай қаласында жүрген қос ғашық желідегі оқырмандары туралы ұмытпай, оларды бірге түскен суретімен қуантқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mahonti КОллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mahonti КОллаж: KAZ.NUR.KZ

Аталмыш фотоны Instagram желісіне актердің ғашығы Махаббат Түктібаева жүктеген. Ол Тәуекелмен далада серуендеп жүрген сәтімен бөлісіп, қалың көпшілікті сүйсінтті.

Желі қолданушылар "тәтті жұпқа" тәнті болып, оларға деген ақ тілегін жаудырған.

"Бақытты болыңдаршы, тіл көз тимесін" , "Сондай жарасымды жұпсыздар" , "Бір-бірі үшін жаратылғандай", "Әдемісіздер, тек қана бақыт тілеймін" , "Қайын жұртқа барып қайтқандарың дұрыс болды" , "Тәуекел ақыр-соңы жүрегінің иесін тапқандай, көзінен-ақ көрініп тұр бақытты болып жүргені" , "Жарайсың, Махаббат. Сен Тәуекелді шынымен бақытты етудесің" , "Үлгілі отбасы болыңдар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімді "Қызық премия" жобасы кезінде бір топ қалыңдық қоршап алды. Ақ көйлек киіп алған бойжеткендер сахнаға шығып, үйленіп кеткен Тәуекелге өкпе-назын жеткізген.

Күйеу жігіт мұндай тосын сыйды күтпегендіктен оған қалай әрекет ету керектігін біле алмай, ұялып тұрған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel