RU
Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы мерт болды

Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы мерт болды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ааааа

Көрнекі фото: pixabay.com

Өндірісте қапыда болған қайғылы оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған.

Тергеу органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғанын анықтау үстінде.

Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 24 желтоқсан күні түнгі үш шамасында 2002 жылғы жас жігіт жатақхананың алтыншы қабатында терезені ашамын деп, абайсызда құлап кеткен болатын. Оқиға куәгерлері жас жігітті құтқармақ болғанымен, ол ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Айта кетерлігі, бұған дейін тағы бір студенттің қайтыс болғаны белгілі болған еді. Канадада білім алған қазақстандық жігітті көлік қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel