Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"My universe": Қайрат Нұртас ер адамдарға арналған иіс су шығарды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртас ер азаматтарға арналған өзінің иіс су брендін жасап шығарды. Өнер иесінің әтірі "My universe" деп аталады. Жұлдызды жанұядағы жаңа бастама туралы бірінші болып Гүлзира Айдарбекова хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық танымал продюсер өзінің Instagram парақшасында Қайрат Нұртастың KN брендімен шығарылған жаңа иіс суды жариялады.

"Құрметті менің оқырмандарым, Сіздерге керемет жаңалығым бар. Ерлерге арналған KN брендімен «MY UNIVERSE» француз иіс суы жарыққа шықты. Жаңа жылға әкеңізге, ағаңызға немесе махаббатыңызға таптырмас сыйлық!
Ең бірінші болып, менің "MY UNIVERSE" иіс суымды алғыңыз келсе, хабарласып тапсырыс бере аласыз! Ең алғашқы тапсырыс берген 100 адамға 30% жеңілдік болмақ" , - деп жазды Айдарбекова.

Оған қоса, хитменнің анасы аталмыш әтірдің бағасы қанша екенін де көпке мәлім етті.

"Иіс су бағасы (100 мл) 27000 теңге, жеңілдікпен 21000 теңге болады! Жаңа жылға Қайрат Нұртастан жаңа иіс суды қабыл алыңыздар! Қазақстанның барлық жеріне жеткізу қарастырылған" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас өзінің әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстаннан екенін мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833567-my-universe-kajrat-nrtas-er-adamdarga-arnalgan-iis-su-sygardy-foto/

pixel