RU

Смоляков Әбілқасымованың орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Олег Смоляков. Фото: inbusiness.kz

Олег Смоляков. Фото: inbusiness.kz

"Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", – делінген ресми құжатта.

Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Мәдина Әбілқасымова Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы қызметіне тағайындалған болатын.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев М.Е. Әбілқасымованы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.

"Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Смоляков Әбілқасымованың орынбасары болып тағайындалды
Mailfire view pixel