RU
"Сүйемін дейді": Өгей әкесінен сезімге толы хабарлама алған қыз сырын ашты

"Сүйемін дейді": Өгей әкесінен сезімге толы хабарлама алған қыз сырын ашты

Рассказать Вконтакте

Өгей әкесінен cезімге толы түрлі хабарламалар алып жүрген 20 жастағы қыз жан сырын ақтарды. Өз әкесін туғанынан көрмеген ол енді не істерін білмей жүр. Ал жары көз жұмған соң қайта тұрмысқа шыққан анасы туыстарымен де араласпай кетуге дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінде нағашыларымен тұратын қыз қиналып кеткенін айтады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында жазды.

"Жақын арада анамның күйеуі маған ұятсыз сөздер айтты. "Сені жақсы көремін, сүйемін" дейді. Өзім ұялып кеттім. Анам ылғи соны қорғап шығады. Анаммен тұрмаймын. Мені 2 жасымда нағашыларыма тастап кеткен. Содан бері осында тұрамын",- деді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, анасы ақшалай ешқашан көмек бермеген.

"Ылғи күйеуіне апарып береді. Сол үшін әпке-інілерімен де араласпай кеткен кездері болған. Қатты қиналып кеттім. Күйеуінің жазған сөздерінен ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын. Соңғы кезде нағашы ағаларым да күн бермейді. Ішіп алып маған тиіседі, боқтайды. "Күйеуге кет" дейді. Үйде тек атам жақсы көреді",- дейді ол.

Нәзік жанды тағдырына налыған соң талай рет өзіне қол жұмсамақ болғанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петербургте қыз зорлады деп айыпталған азамат сот залында өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 23 желтоқсан дүйсенбі күні болған. 40 жастағы азамат соттағы сәтті пайдаланып, қоласты құралдары арқылы суицид жасаған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel