RU
Мемлекет басшысы кадрлық тағайындаулар жүргізді

Мемлекет басшысы кадрлық тағайындаулар жүргізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте кадрлық тағайындаулар жүргізді. Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Токаев

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтіндеріде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы қандай жұмыстар атқарғаны туралы жариялаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel