RU

Алматыда 15 жастағы баланың интернаттан қашуы: Тың деректер пайда болды

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда 15 жастағы тәрбиеленушісі қашып кеткен мектеп-интернатына қатысты дау жалғасуда. Өзге оқушылардың ата-аналары білім беру мекемесінің басшылығын қорғап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дамир Серікұлы. Фото: kokshetau.asia

Дамир Серікұлы. Фото: kokshetau.asia: Facebook

Интернатта білім алатын өзге тәрбиеленушілердің ата-аналары болған оқиғаға мекемеден қашып кеткен Дамирдің анасы мен сынып жетекшісінің арасындағы жағдайдың себеп болғанын жеткізді. Мәлімдеулерінше, олардың балалары білім ордасында әлімжеттік көрсетілгенін айтпаған, және мектеп әкімшілігінің ешқандай кінәсі жоқ.

"Алматы" телеарнасының тілшісі интернаттағы тәрбиеленушілердің бірінің әкесімен сөйлескен. Оның айтуынша, оқиғаның қарсаңында Дамирдің анасы мұғаліммен сөзге келіп қалған.

Ер адамның пікірінше, осылайша Дамирдің анасы Айгүл жағдайды өз пайдасына шешіп, баласының қашуын өзі жоспарлаған. Ол сондай-ақ білім беру мекемесінде әлімжеттік көрсетілетінін жоққа шығаруда. Айтуынша, егер үлкен балалар басқаларын ұрып-соқса, олар барлық оқушыларға да күш көрсетер еді.

"Балалар бүкіл сыныпты ұрып-соғу фактісін мойындап жатқан жоқ қой", – деп мәлімдеді тәрбиеленушінің әкесі.

Нәтижесінде Дамирдің туыстарының үйінен табылғаны белгілі болды. Ата-аналардың пікірінше, бала мүгедектігіне байланысты туыстарының үйіне өз бетімен жете алмас еді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы мектеп-интернатына қатысты дау-дамай 12 желтоқсанда басталды.

15 жастағы Дамир содан бір апта бұрын таңғы сағат жеті жарым шамасында интернаттан шығып кеткен. Сегізінші сынып оқушысы кетер алдында анасына хат жазып қалдырыпты.

Айгүл ұлының интернаттан қашуына жоғары сынып оқушылары мен тәрбиешінің жиі қол көтеруі себеп болған деп есептейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда 15 жастағы баланың интернаттан қашуы: Тың деректер пайда болды