Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші M'dee "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды (фото, видео)

Опубликовано:

Сәрсенбі күні, 25 желтоқсанда Қазақстанның жас орындаушы Ресейдің "Бірінші арнасындағы" "Вечерний Ургант" бағдарламасында ән шырқады болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: instagram.com/mdeemusic/instagram.com/vecherniy_urgant
Кадрлар: instagram.com/mdeemusic/instagram.com/vecherniy_urgant: Instagram

M'Dee лақап атымен танылған Қазақстанның жас орындаушысы Мәди Тоқтаров "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты. Бұл ақпарат ресейлік шоудың ресми парақшасында және әншінің Instagram-ында белгілі болды.

"Сәрсенбінің музыкалық қонағы – M'Dee", – делінген суреттің жазбасында.

Бар болғаны 20 жастағы қазақстандық әнші Ресейде де танымалдыққа ие бола бастады. Концерттеріне лық толы зал жинап, тыңдармандарын жаңа композицияларымен қуантуда. Жақында оның белгілі қазақстандық орындаушы әрі продюсер Скриптониттің лейблына кіргені белгілі болды. Музыкант жаңа альбом шығарып, арт-хаус стиліндегі бейнебаяндарын көрермен назарына ұсынды.

"Бүгін бізде қонақта Скриптониттің "Musica36" лейблының әртісі – M'Dee. Жақында оның "Феромон" атты альбомы жарық көрді. Және дәл қазір осы альбомның ішінен бір ән орындалады. Әннің аты – "Плакала", – деп таныстырды жас орындаушыны Иван Ургант.

Мәдидің тек орындаушы емес, сонымен қатар, композитор екенін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дәл осы "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болып, бағдарлама жүргізушісіне қазақтың шапанын жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833589-kazakstandyk-nsi-mdee-vecernij-urgant-bagdarlamasyny-konagy-boldy-foto-video/

pixel