Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орыс тілінде сөйлемейді": Кеңес элитасының ұрпақтары қазір қайда тұрады

Опубликовано:

Кеңес көшбасшылары Владимир Ленин, Иосиф Сталин, Никита Хрущев пен Леонид Брежневтің, сондай-ақ, Михаил Горбачевтің ұрпақтары батыс елдерінде тұрады. Ал кейбірі, тіпті, орыс тілінде сөйлемейді. Ресейде Георгий Маленков пен Константин Черненконың туыстары ғана Ресейде өмір сүреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ura.news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ленин. Фото: histrf.ru; Сталин. Фото: mkkprf.ru; Хрущев. Фото: Bundesarchiv/ Wikipedia; Брежнев. Фото: histrf.ru; Горбачев. Фото: RIAN/ Wikipedia
Ленин. Фото: histrf.ru; Сталин. Фото: mkkprf.ru; Хрущев. Фото: Bundesarchiv/ Wikipedia; Брежнев. Фото: histrf.ru; Горбачев. Фото: RIAN/ Wikipedia: Facebook
"Владимир Путиннің анасының әкесі Александр Бланк жағынан барлық туыстары Швеция мен АҚШ-та тұрады. Сталиннің үлкен ұлының қызы Якова Джугашвили Галина Алжир азаматына тұрмысқа шығып, Селим атты ұлды дүниеге әкелді.
Ал Сталиннің шөбересі Виссарион Джугашвили (Яков Джугашвилидің немересі)- грузиялық режиссер, 15 жыл бойы Нью-Йоркте. Ал генералиссимустың тағы бір немересі Крис Эванс АҚШ-та, Портлендте өмір сүреді және орыс тілінде бір де бір сөз түсінбейді", - дейді "Наша версия" басылымы.

Басылым мәліметінше, Никита Хрущевтің шөберері Нина көп жылдар бойы АҚШ-та тұрады. Ол көпшілік алдында сөйлегенде "Қырым аннексиясын" айыптайды.

Ал Леонид Брежневтің ұлы Андрей жағынан шөберелері Дмитрий мен Леонид Оксфорд университетін тәмамдаған. Олардың біреуі отанына оралса, екіншісі Англияда өмір сүріп жатыр.

Мемхатшының қарындасы, кіші інісінің қызы Якова Любовь Брежнева Калифорнияда өмір сүреді және мемуарлар жазады.

Одан бөлек, КСРО-ның тұңғыш әрі жалғыз президенті Михаил Горбачевтің туыстары да Батыста тұрады. Дәлірек айтсақ, қызы Ирина АҚШ-та, ал үлкен немересі Ксения Германияда мекендейді.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева сирек отбасылық суреттермен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833621-orys-tilinde-sjlemejdi-kees-elitasyny-rpaktary-kazir-kajda-trady/

pixel