Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицей болып киінген алматылық балақай желіде жұлдыз болды (фото, видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жаңа жылдық шыршаға полицей болып киініп келген балақайдың суреттері мен видеолары тарап кеті. Баланың образын көрген желі қолданушылары шынайы тәртіп сақшысын көргендей күй кешкен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/nurislamnurhanuly
Фото: instagram.com/nurislamnurhanuly: Facebook

Нұрислам есімді жас тәртіп сақшысы мектеп қабырғасында өткен Жаңа жылдық мерекеден кейін Instagram желісінде жұлдыз болған.

Ол мерекеге полиция қызметкерінің киімімен барған.

Осыдан кейін оның суреттері мен видеолары түрлі парақшаларда тарап кеткен. Желі қолданушылары нағыз тәртіп сақшысын көргендей күй кешіп, таңданыстарын жасырмаған.

Tengrinews.kz жазуынша, Нұрислам алты жаста, Алматыдағы мектептердің бірінде бірінші сынып оқиды. Болашақта ол полицей болуды армандайды.

Нұрислам "Герой болам" деген сөзді жиі айтады екен. Әкесінің сөзінше, ол жаңа жылдық мерекеге үнемі полицейдің костюмін таңдайды.

"Ол осымен үшінші жыл қатарынан полицейдің костюмін таңдап отыр. Осыған дейін екі рет балабақшада осылай болған, ал қазір мектепте. Бұл тек оның таңдауы, ал біз оны жүзеге асырамыз", - дейді Нұрхан Сағиев.

Айта кетсек, бұған дейін балабақшадағы ертеңгілікте Аяз атаны көрген бүлдіршіндердің жылап жібергені хабарланған еді.

Балалар бет-аузын орап алған атадан қатты қорықса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833622-policej-bolyp-kiingen-almatylyk-balakaj-zelide-zldyz-boldy-foto-video/

pixel