RU

Нұр-Сұлтанда аққалаларды қиратқан жігіт оларды өз қолымен қайта жасап шықты (видео)

Елордада "Ботаникалық бақта" орналасқан аққалаларды қиратқан жас жігіт, оларды өз қолымен қайта жасап шыққан. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: Instagram

Әкімдік өкілі жас жігіттің аққалаларды өз қолымен қайта соғып жатқан видеосын өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялаған.

"Ботаникалық бақтағы аққалаларды қиратқан 20 жастағы жігіт, оларды достарымен бірге қайта соғып жатыр", - деп жазған ол.

Сондай-ақ видеода жас жігіт көпшіліктен тағы да кешірім сұраған.

"Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерден кешегі өткен келеңсіз жағдай үшін және түсініспеушілік үшін, шын жүректен кешірім сұраймыз. Әрине біз біреудің еңбегін бағалаймыз.

Және аққалаларды өз қолымызбен қайта тұрғызып жатырмыз. Мінеки бүгін біз достарымызбен келіп, сол аққалалардың орнын толықтырып жатырмыз. Түсініспеушілік үшін, сіздерден кешірім сұраймын", - дейді азамат.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 20 жастағы жас жігіттің қаланың "Ботаникалық саябағындағы" аққалаларды қиратқан сәті видеоға түсіп қалған болатын.

Белгілісі 300 аққаланы қала тұрғыны отбасымен бірге тұрғындардың игілігі үшін соққан екен.

Кейін жас жігіттің әрекеті әшкере болған соң, ол көпшіліктен кешірім сұраған еді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833638-nr-sltanda-300-akkalany-tas-talkanyn-sygargan-zas-zigit-olardy-z-kolymen-kajta-zasap-sykkan-video.html