RU
Отандық жұлдыздар жаңа жылдық шыршаларын қалай безендірген (фото, видео)

Отандық жұлдыздар жаңа жылдық шыршаларын қалай безендірген (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері жаңа жылға дайындықтарын қызу бастап кеткен. Өнер иелері желіде бір-бірімен жарыса жаңа жылдық шыршасын қалай безендірген көрсетіп әлек. Биыл өзгелерден ерекшелене алған әртістер қатарында кім бар екенін KAZ.NUR.KZ материалынан көре аласыздар.

Фото: Instagram/aissaulektbakytbek/kyrykpaeva/muturganov_murat/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aissaulektbakytbek/kyrykpaeva/muturganov_murat/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алғашқылардың бірі болып жаңа жылдық шыршасын жұрт назарына паш еткендер қатарында Айсәуле Бақытбек бар. Танымал продюсердің қызы отбасылық мерекеге орай базарға өзі барып, үйіне ғана емес барша салондарына да көк шыршаны алған.

Динара Қырықбаева болса безендірілген шыршасының қасына балаларымен түскен суретін жариялап, елді бір қуантып алды. Аталмыш фотомен ол Instagram желесінде бөліскен.

Айқынның жары Жұлдыз Өмірғали де өзге жұлдызды аналардан қалыспай, отағасы сапарда болған кезде жаңа жылдық шыршасын перзенттерімен бірге өзі құрып тастаған.

Ал Карина Абдуллина шыршаны бензендіру мәртебесін өз ұлына сеніп тапсырған.

Танымал жұлдыз Мұрат Мұтұрғанова жаңа жылдық шыршасын құрмаса да, оның түбінде фотосессия жасатқан.

Бәрінен де Динара Сұлтан ғана шыршаны безендіру сәтін видеоға түсіріп, парақшасында жариялап қойды. Бұл істе әншіге перзенттері көмектескен.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік жұлдыздардың жаңа жылдық корпоративтерде қанша табыс табатынын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel