RU

Үш жыл бойы тырнағын алмаған ару әлемді таңырқатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Германиялық бойжеткен трендте болу үшін үш жыл бойы тырнағын алмастан өсірген. Бүгінде оның тырнағының ұзындығы 15 сантиметрге жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Рамблерге сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/simone_christina

Фото: instagram.com/simone_christina

Симона Тейлор - Германиядағы тырнағы ең ұзын қыз. Оның маникюрге деген қызығушылығын Ланы Дель Рей мен Гвен Стефани секілді әншілер оятқан.

Бойжете келе имиджін өзгерткісі келген Симона тырнағын өсірмек болады. Осы мақсатта ол түрлі дәрумендер қабылдаған. Осылайша ерекше күтім жасаудың арқасында Симона таңқаларлық нәтижеге қол жеткізеді. Оның тырнағы 15 сантиметрге дейін өскен.

Симонаның айтуынша, осындай тырнақпен үй шаруасын істеп, тамақ дайындау, телефонды қолдану, шашын тарап, макияж жасау - ешқашан қиындық тудырмапты.

Сәнқой қыздың сөзінше, жезтырнақтары тиын немесе кредит картасы сияқты ұсақ заттарды алған кезде ғана кедергі келтіреді.

Мұндай тырнақтың күтімі де ерекше. Оны жақсы қалпында сақтау үшін Симона 3 сағат лак жағып, оны 1, 5 сағат бойы өшіреді. Ол мұдай процедураны екі аптада бір рет жасайды.

Айта кетсек, бұған дейін 2020 жылы қандай шаш түстері трендте болатыны хабарланды.

Қызыл түстің реңктері, күрең түс (шоколадты-қоңыр түс), күміс блонд, балды блонд, лаванда, балаяж және шаш ұшын түрлі түске бояу - келер жылы сәнде болмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үш жыл бойы тырнағын алмаған ару әлемді таңырқатты
Mailfire view pixel