RU
2019 жылы ең көп ақша тапқан нәзік жанды жұлдыздардың есімі белгілі болды

2019 жылы ең көп ақша тапқан нәзік жанды жұлдыздардың есімі белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Бүгінде қыруар ақшаны тек ерлер ғана емес, қыз-келіншектер де табады. Ер адамға тәуелді болмай, өзін қамтамасыз етіп жүрген нәзік жандылар тізімін Джениффер Лопес бастап тұр. Оның 2019 жылғы табысы 75 миллион долларды құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sm.news-ке сілтеме жасап.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Назарларыңызға 2019 жылғы көп табысқа кенелген танымал Топ-6 жұлдызды назарыңызға ұсынамыз.

София Вергара

Софияның осы жылғы табысы 28 миллион долларды құраған. Сарапшылар Вергараны ең қымбат телеактриса деп тапқан. Сылқым өзінің табысын мүлдем жасырмайды, керісінше ақша таба алатынымен мақтанады.

Миранда Ламберт

Бұл танымал жанның жылдық табысы 28,5 млн доллар болған. Ол тек АҚШ ішінде ғана өнер көрсетеді. Егер Еуропаға да ән сапарлармен барса, онда оның табысы екі есеге өсуі мүмкін.

Мария Шарапова

Марияның 2015 жылғы жетістіктері оның ірі демеушілермен жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Шарапова Nike, Avon, Samsung және Evian сынды брендтер жұмыс істейді. 2019 жылы ол 31 миллион қаржы тапқан.

Жизель Бундхен

Жизельдің жасы 34-те болса да, ол әлі күнге дейін әлемдегі ең көп ақы төленетін сәнбикелер қатарында. Бразилияда Жизельдің аты брендке айналған. Сәнбикенің жылдық табысы 44 млн доллар.

Ким Кардашьян

Әлемге әйгілі бұл жұлдыздың кез келген ісі дөңгелеп, үлкен пайда әкелетін кәсіпке айналады. Оған дәлел ретінде Кардашьянның 2019 жылы 52,5 млн доллар ақша тапқанын айтуға болады.

Дженифер Лопес

50 жастағы әнші, актриса Джениффер Лопес осы жылы 75 млн доллар тапқан. Ол әншілікпен қатар телешоулардың, фильмдердің түсірілімдеріне қатысады.

Айта кетсек, бұған дейін қартайған шағында адам танымастай өзгеріп кеткен голливудтық жұлдыздар туралы фоторепортаж ұсынған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel