RU
Бразилиялық футболшы Халк бұрынғы әйелінің сіңлісімен көңіл қосты (фото)

Бразилиялық футболшы Халк бұрынғы әйелінің сіңлісімен көңіл қосты (фото)

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қытай чемпионатындағы "Шанхай СИПГ" командасының шабуылшысы, Халк есімімен белгілі бразилиялық Живанилду де Соуза бұрынғы әйелінің туысы – 31 жастағы Камиламен көңіл жарастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Халк. Фото: soccernews.ru

Халк. Фото: soccernews.ru

33 жастағы футболшы ажырасқанына бес ай өткен бұрынғы жұбайының сіңлісімен кездесе бастаған. Жазда ол өзінің әйелі – Иран Соузамен ажырасқанын айта кету керек.

Олар 12 жыл бойы некеде болған, ортақ үш баласы бар. Футболшының бұрынғы әйелінің сіңлісімен көңіл жарастырғанын UOL басылымына Халктың өкілдері растаған.

Бразилиялық легионер Қытайдың "Шанхай СИПГ" футбол клубының сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. 2018 жылы ол командасымен бірге ел чемионатын жеңіп алды.

Ал бұған дейін 2012-2016 жылдар аралығында Халк ресейлік "Зениттің" құрамында болды. Санкт-петербургтың командасымен ол Ресей чемпионатының жеңімпазы, кубогы мен суперкубогының иегері атанған болатын.

2016 жылға дейін футболшы Бразилия ұлттық құрамасына шақырту алып жүрген. Бразилия сапында Халк 2013 жылғы Конфедерация кубогін иеленді.

Еске сала кетейік, Италияның суперкубогі сарапқа салынған маңызды матчта командасы жеңіліс тапқан Роналду мойнына тағылған күміс медалді бірден шешіп тастаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel