RU

Шаш үлгісін өзгерткен Айсәуле Бақытбекті ел Айгүл Мүкейге ұқсатты (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек жаңа жыл қарсаңында образына өзгеріс енгізді. Желіде аса белсенді ару шашын қысқартып тастаған. Түрі бірден өзгеріп шыға келген блогерды көпшілік танымал тележүргізушіге қатты ұқсатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aissaulebakytbek/aigumukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aissaulebakytbek/aigumukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында қысқа шашпен түскен суретін жариялап, халықты таңғалдырды. Желі қолданушылары шаш үлгісін өзгертіп тастаған аруды танымай қалған. Олар оны белгілі отандық тележүргізуші Айгүл Мүкейге ұқсатқан.

Жаңа жыл қарсаңында жаңашылдыққа ұмтылған Айсәуленің шешімін құптағандар да, даттағандар да бар болып шықты. Бірі карэ оған аса жарасымды деп септесе, енді бірі керісінше ұзын шаш болғаны жақсы деп ойлайды.

"Өте жарасымды, сұлулсың" , "Айгүл Мүкейден айнымай қалыпсыз" , "Айгүл Мүкейге қатты ұқсап тұрсыз мына жерде" , "Жаңа шаш үлгіңіз жараспайды сізге" , "Ұзын шашыңыз жақсы еді" , "онсыз қысқа шашты тағы қысқартқаныңыз несі?", "Әп-әдемі, меніңше" , - деп жазуда көпшілік.

Қызығы, Айсәуле жақын болашақта шашы одан бетер қысқа болып кетуі мүмкін деп тұспалдап жазды.

"Осылай сәндірек сияқты. Мұндай қарқынмен ертең бұдан бетер қысқа шашпен тұрған фото саламын" , - деп жазды ол парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбектің жаңа жылдық шыршасын қалай безендіргенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шаш үлгісін өзгерткен Айсәуле Бақытбекті ел Айгүл Мүкейге ұқсатты (фото)