RU
Парламент педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды мақұлдады

Парламент педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды мақұлдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін қазақстандық сенаторлар Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Атап айтқанда, түзетулер кез келген жыныстық қылмыс үшін, оның ішінде балаларға қатысты, сондай-ақ браконьерлік, есірткі айналымы, мас күйінде көлік жүргізу және басқаларына енгізіліп, жаза қатаңдатылады.

Жалпы алғанда, бұл жоба бес кодекске және он бес заңға түзетулер енгізеді.

Сонымен, сексуалдық зорлық-зомбылық пен зорлау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және кәмелетке толмағандарды порнографиялық әрекеттерге тарту қылмыстарына 17-20 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Егер өте кішкентай балалар осы санаттағы істердің құрбаны болса, онда қылмыскерге 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Ауыр қылмыстар санатына кез келген зорлау ісі жатады. Ол үшін заң бойынша 5-8 жылға түрмеге отырғызу қарастырылған. Айта кету керек, бұл жағдайда тараптар келісім жасаса алмайды.

Өзгертулердің арқасында мал ұрлығына қатысты жаза мерзімі де ұзартылады. Қылмыскер шамамен 12 жыл түрмеде отырады.

Интернет-ресурстар арқылы және халық көп жиналатын жерлерде есірткі сатқандар 10-15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Жануарлар дүниесін қорғау саласында жұмыс істейтін инспекторлар мен қорықшылардың өміріне қол сұққандар 10-15 жылға сотталуы мүмкін. Мұнда мүлікті тәркілеу туралы ереже де бар.

Браконьерлік жасаған адамдарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған. Мерзім заңсыз әрекеттер нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшеріне байланысты болмақ.

Мас жүргізушілерді алдымен 7 жылға куәлігінен айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Егер дәл сол адаммен жағдай қайталанса, онда оны өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырады.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде мектеп оқушысы зорланғаннан кейін өңірдегі бір топ көпбалалы аналар педофилдерді өлім жазасына кесуді талап еткен еді. Олар билік басындағыларға жанайқайын жеткізу үшін әйелдер арасында қол жинауға кірісіп кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel