Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде

Опубликовано:

Көкшетау қаласының жаңартылған жеңіл атлетика манежінде Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Көкшетауда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook
"Қымбатты достар, құрметті жерлестер! Үш онжылдық ішінде көкшетаулықтар 90-жылдары жекешелендірілген жеңіл атлетика аренасын мемлекет меншігіне қайтаруға тырысты. Өткен жылы бұл ғимаратқа меншік құқығын берген жеке серіктес Олег Анисимовпен бірлескен ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді. Ағымдағы жылы оның құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталып, осы мақсатқа 250 млн.теңге бөлінді. Манеж өзгерді, қалпына келтірілді. Бұл нысан біздің спортшылар үшін жеңіл атлетиканың үлкен әлеміне есік ашатынына сенімдімін. Бүгінде облыс бойынша бұл спорт түрімен 8 000-ға жуық адам айналысады. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және сіздерге жетістіктер мен ұлы спорттық жеңістер тілеймін!", –деп аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.
Көкшетауда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Ермек Маржықпаев жеке кәсіпкер Олег Анисимов алғыс хатпен марапатталды. Облыс әкімі спорт ардагері Әбдірахман Әбдірашитовты, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жеңіл атлетикадан Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Василий Чуйконы, Қазақ КСР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы Алмагүл Әділованы, әр жылдары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысушы спортшыларды жаттықтырушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Көкшетауда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ақмола облысының әкімдігіне, Ермек Маржықпаев пен осы тамаша манеж мемлекет меншігіне берілгеніне, сондай-ақ күрделі жөндеуге қаражат бөлгені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазір барлығыңыз залдың қаншалықты ашық және әдемі екенін көрудесіздер. Жаңа, ыңғайлы жағдайда ол біздің тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық жарыстарда даңқтайтын жас және болашақ спортшылардың бір буыны өседі деп сенемін»", - деді жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, «Ақмола облысының жеңіл атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Евгений Мелешенко.
Көкшетауда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтуде
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Евгений Мелешенко «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ президенті Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша чемпионатты ашқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа спорт пен жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат және «Жеңіл атлетиканың 100 жылдығы» кітабын табыс етті.

Чемпионатқа Ақмола облысының барлық аудандарынан командалар, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан қонақтар қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833676-kksetauda-tuelsizdik-knine-arnalgan-zeil-atletikadan-akmola-oblysyny-asyk-cempionaty-tude/

pixel