RU
Ауруханада 49 науқас бар: Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы айтты

Ауруханада 49 науқас бар: Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы қалалық 4 клиникалық аурухананың дәрігерлері кеше таңертең мегаполис маңында болған жантүршігерлік ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

жаңалықтар

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Қазіргі уақытта ауруханаларда 49 науқас бар.

Бүгінде 7 адамның жағдайы ауыр, 42-сінің, оның ішінде балалардың жағдайы қалыпты.

Кейбір пациенттердің жағдайы жақсарыпты, ал кейбіреулері үйге жіберуді сұраған екен. Басқа да жәбірленушілер омыртқа, мойын және бел омыртқаларынан жарақат алған.

Нұр-Сұлтаннан арнайы жоғары дәрежелі мамандар Серік Ақшолақов пен Нұрлан Батпенов келді. Тілеухан Әбілдаев бүгін зардап шеккен ересектер мен 2 балаға 19 операция жасалғанын мәлімдеді.

Түнде дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақтандыра алған.

«Бүгін барлық зардап шеккендердің жағдайын толықтай тұрақтандыру жүзеге асуда. Жағдайы ауыр жандардың бәрі есін жиған. Операциялар аяқталды, біз сәтті нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз.
Алматылық дәрігерлер барынша көмек беруге, науқастар үшін бәріне дайын болды », - деді нейроорталық директоры Серік Ақшолақов.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
7
0
0
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel