RU

Бір матчта төрт пенальти белгілеген төреші өмір бойына футболдан шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Бір ойында төрт пенальти белгілеген мароккалық төреші Хишам Тиази өмір бойына футболдан шеттелді. Мұндай шешімді Корольдік мароккан футбол федерациясы (FRMF) шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ football24.ua-ға сілтеме жасап.

Хишам Тиази. Фото: arryadia.snrt.ma

Хишам Тиази. Фото: arryadia.snrt.ma

Тиази Марокко чемпионатындағы "Олимпик Хурибга" және "Юссуфия Беррешид" арасындағы матчте төрелік етіп, төрт пенальти белгілеген.

Ал оның үшеуін алаң иелері сәтті орындаған. Сөйтіп ойын 4:1 болып "Олимпиктің" жеңісімен аяқталған.

"Тиази төреші матч нәтижесіне әсер еткен дөрекі қателіктері үшін өмір бойына қызметінен шеттетілді", - деп мәлімдеген Марокконың футбол федерациясы.

Айта кетсек, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов "Ақтөбе" клубының бас директоры қызметінен кеткен соң екі бірдей лауазымға ие болғаны белгілі болды.

Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту бойынша кеңесшісі және "Ақтөбе" басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Еске сала кетсек, еліміздің танымал бұрынғы футболшысы Самат Смақов 2018 жылдың қаңтар айында "Ақтөбе" футбол клубының директоры болып тағайындалған еді. Екі жыл басшылық еткен ол 20 желтоқсанда қызметінен кетті.

Сондай-ақ, "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері Самат Смақовты команданың бас директоры лауазымына қайтаруды сұрап жатқаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір матчта төрт пенальти белгілеген төреші өмір бойына футболдан шеттетілді
Mailfire view pixel