RU

Мемлекет басшысы өзгерістер енгізу туралы екі заңға қол қойды

Елімізде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында жаңа мараторий енгізген Қасым-Жомарт Тоқаев өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тағы екі заңға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген ресми хабарлама мәтінінде.

Сонымен қатар, президент Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификацияламақшы.

" Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - деп жазды Ақорда.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" қаулыға қол қойды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833712-memleket-bassysy-tagy-eki-zaga-kol-kojdy.html