RU
Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары мейрамханада төбелесіп, видеоға түсіп қалған

Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары мейрамханада төбелесіп, видеоға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімдігі ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес шығарды деп болжанған шенеуніктерге қатысты оқиғаның кейбір мән-жайын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо

Видеодан алынған кадрлар: Telegram / Jexen News

Өңір басшысының ресми өкілі Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде лезде таралып, авторлары кадрда Жамбыл ауданының шенеуніктері екенін алға тартқан видеоға қатысты жауап берді.

Баспасөз хатшысы видеода Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратын мемлекеттік қызметкер бейнеленгенін растады.

Жүкелдің айтуынша, аталған оқиға біренше күн бұрын "Белые розы" мейрамханасында болған.

Анықталғаны, түнгі ойын-сауық мекемесінде болған аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонақтарының бірімен сөзге келіп қалыпты. Артынша олардың жанжалы төбелеске ұласқан.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы шенеуніктің түсінік хатын жазғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта болған оқиға негізінде арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Видеодағы мемлекеттік қызметкерге жұмыстан қуылу қаупі туып тұр.

Осы орайда, Ғалымұрат Жүкел бұл оқыс оқиға бейнеленген кеш жаңа жылдық корпоратив емес екенін алға тартты.

Баспасөз қызметі 23 желтоқсанда аудан әкімдігі отырысының хаттамасы шыққанын, оған сәйкес шенеуніктерге жаңа жылдық корпоративті кештер өткізуге тыйым салынғанын хабарлады.

Оның дәлелі ретінде мейрамхана басшысының бұл отырыстың корпоратив емес екені жазылған түсіндірме хатын көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің портреті аукционда 31 млн теңгеге сатылып жатқан видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
11
1
1
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel