RU

Енді мұғалімнің ар-намысын таптағандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалады

Telegram logo VKontakte logo

Оқушы педагогтың ар-намысын таптап, балағаттаса, ата-анасы 75 мың теңге айыппұл төлейді. Тіпті, түрмеге де қамалуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Мұғалімнің мәртебесін көтеретін жаңа заң жобасы сенатта мақұлданды. Енді президент қол қойған соң, заң күшіне енеді.  

"Мұғалімді балағаттап, құқын бұзғандарға Әкімшілік кодексте арнайы талап қарастырылған. Мұндай әрекеттерге барғандарға ең төмені 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 75 750 теңгеден бастап айыппұл салынады, тіпті әкімшілік қамауға алынады", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Шенеуніктердің пайымынша, мұндай шара талай ата-ананы баласын жөнге алуына түрткі болмақ. Сондай-ақ, педагогтың жұмысына негізсіз араласқан, жөнсіз есеп тапсыртқан білім беру мекемелері де жазасыз қалмайды.

Министрдің сөзінше, бұндай дерек дәлелденсе, кінәлілер 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін айыппұл арқаламақ. Жалпы мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы алғаш маусым айында ұсынылған еді. Ал заңды жүзеге асыруға 2024 жылға дейін 5,3 триллион теңге қажет.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, күні кеше қазақстандық сенаторлар Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдаған еді.

Атап айтқанда, түзетулер кез келген жыныстық қылмыс үшін, оның ішінде балаларға қатысты, сондай-ақ браконьерлік, есірткі айналымы, мас күйінде көлік жүргізу және басқаларына енгізіліп, жаза қатаңдатылады.

Жалпы алғанда, бұл жоба бес кодекске және он бес заңға түзетулер енгізеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Енді мұғалімнің ар-намысын таптағандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалады