RU
Үндістанда кобраны сүймек болған ер адамның ернін жылан шағып алды (видео)

Үндістанда кобраны сүймек болған ер адамның ернін жылан шағып алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістанда өзін сүймек болған ер адамды кобра шағып алды. Үнді жігіті ғаламтордағы танымал трюкті қайталамақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Вестник Кавказаға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқиға 22 желтоқсанда Карнатака штатының Бхадравати қаласында болған. Жергілікті тұрғындар жорғалаушыны байқап қалып, жылан аулаушыдан оны ұстауын өтінген. Ер адам тапсырманы оңай орындаған. Алайда жыланды дереу залалсындандырудың орнына ол жорғалаушымен ойнай бастайды.

Бір кезде жылан аулаушы жорғалаушыны сүймек болып, оған жайлап жақындайды. Алайда кобра шыдай алмай кетсе керек, ер адамның ернін шағып алған.

Дегенмен ер адам ешқандай шу шығармастан жыланды қапқа салып, оны орманға апарып, бостандыққа жіберген. Ол осыдан кейін ғана ауруханаға жүгініпті. Қазір жылан аулаушының жағдайы едәуір жақсы.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, жылан аулаушы ғаламтордағы танымал трюктердің бірін қайталамақ болған. Алайда ол кобраны артқы жағынан сүю керектігін ұмытып кеткен.

Жылан бойынша үндістандық сарапшы Субхенду Малликтің айтуынша, елдің көптеген штаттарында жыланмен трюк жасауға тыйым салынған.

Айта кетсек, бұған дейін Квинсленд штатының тұрғыны мерекелік шыршадан алып жылан тауып алғаны хабарланды. Алып питон шыршаны бар денесімен орап тұрған.

Сондай-ақ, Қытай сауда орталықтарының біріндегі спа-салонның төбесінен салмағы 19 келі болатын питон құлап түскен еді. Ұзындығы 4 метрді құраған жылан бұл жерді шамамен 10 жыл бойы мекен еткен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel