RU

Димаш Қытайда жылдың үздік әртісі атанды (видео)

Рассказать Вконтакте

Аспан асты елінде ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген үздік әртіс атанды. Қазақстандық әнші Internet Bull Ears Awards 2019 марапатын күні кеше алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемдік жұлдыздың марапаты Бейжіңде табысталды. Димаш өз сөзінде жылдың үздік әншісі марапатын алғанына өте қуанышты екенін жеткізген.

Қазақстандық іс-шараның ұйымдастырушыларына, тыңдармандарына, сондай-ақ өзін қолдайтын туыстары мен жақындарына алғысын білдірген.

Оның жанкүйерлері сүйікті әртістерін ерекше құттықтап, тіпті өз сезімдерін білдірген. Көпшіліктің айтуынша, Димаштың әрбір алған марапаты - нағыз еңбектің нәтижесі.

Өнер иесіне пкір жазып, құттықтаушылар арасында ресейлік сазгер Игорь Крутой да бар.

"Құттықтаймын, қымбатты Димаш!", "Мақтанамыз!, "Димаш алған марапатың құтты болсын!", "Барлығымыз қуанып жатырмыз", "Құтты болсын, Димашжан! Арманыңа жете бергейсің", "Сен ең үздіксің", - деп ақ тілектерін жаудырды оқырмандар.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген әлемдегі Адажио Альбинони әнін үздік орындайтын әншілердің бірі атанған еді. Тыңдармандардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша қазақстандық үшінші орыннан көрінген.

Adagio World нұсқасы бойынша бірінші орын ресейлік опера әншісі Сергей Дудинскийге, ал екінші орын танымал француз әншісі Лара Фабианға бұйырған.

Сондай-ақ, талантты өнер иесі осы айда Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинация бойынша жеңіске жеткен еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаш Қытайда жылдың үздік әртісі атанды (видео)
Mailfire view pixel