RU
Әйелдерге арналған ипотеканың қандай шартпен берілетіні белгілі болды

Әйелдерге арналған ипотеканың қандай шартпен берілетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Әйелдерге арналған ипотеканың қандай шартпен берілетіні анықталды. Бағдарламаның 40%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына, қалған 60%-ы өзге өңірлерге бағытталмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова желтоқсанның 25-не өткен баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

Аталған банк келер жылдан бастап гендерлік теңдікке арналған "Әйелдер ипотекасы" жобасын іске қоспақ. 

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл жобаны Азия даму банкі қаржыландырып, 38 млрд теңге бөледі. Қазіргі таңда елімізде 9,1 млн әйел бар. Соның төрт миллионы жұмыс істейді. Төрағаның сөзінше, қыз-келіншектер ер адамдарға қарағанда жалақыны азырақ алатындықтан осы бағдарлама іске қосылуда.

Аталмыш ипотеканың көмегімен жаңа үйлермен қатар екінші деңгейлі баспананы алуға болады. 

"Берілетін несиенің жоғарғы шегі 30 млн теңге болады. Табысы 200 мың теңгеге жетпейтіндер баспана алу үшін жарнаның 15 пайызын жинаса болғаны. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 12% болады, егер алғашқы жарнаның 50 пайызын жинаса жылдық мөлшерлеме 3,5-5%-ға дейін төмедейді", - деді ол. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова биылдан бастап тағы бір жаңа өнім "Корпортив "жобасының іске қосылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл көптеген мекеменің өз жұмысшыларын баспанамен қамтуына мүмкіндік береді. Осы жобаның арқасында мекеме білікті жұмысшыларының үй алуына қолқабыс етіп, оларды ұстап қала алады

Еске сала кетсек, бұған дейін тек әйелдерге арналған ипотеканың пайда болуы мүмкін екендігі хабарланды. Болжам бойынша, жаңа жобаның 3 мыңнан астам әйелге қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні де айтылды.

Сондай-ақ, аталмыш ипотеканың қандай шарттары бар екені де белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel