RU

"Отбасыма тиме": Мәди Рымбаев жұлдызды жанұясын сынайтындарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев өнері мен отбасы жайлы жан сырын ақтарды. Жас өнерпаз шоу-бизнеске қадам басуына жұлдызды жанұясының септігі қаншалықты тигенін айтып, өзін сынға алатындарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мәди Рымбаев желіде өзіне айтылатын сындардың барлығын көтергенімен, отбасына қатысты сөздерді ауыр қабылдайтынын жеткізді.

"Менің бүкіл отбасым - өнер адамдары. Мен де кәсіби музыкантпын. Музыкалық мектепті бітірдім. Кәсібім - пианист-педагог. Өнерде жүруіме құқығым бар деп ойлаймын. "Неге жүрмеске?" деген сұрақ келеді.

Халыққа ұнамаса, немесе халық бірдеңе жазса, жаза берсін. Ол да танымалдылықтың бір аспектісі деп ойлаймын.

Ал анама және ағама қатысты жазылатын сын маған жүз пайыз әсер етеді. Маған бәрібір, мені мазақта, мені жер қыл, бірақ отбасыма тисең мен ашуланамын.
Негізі мен байсалды және сабырлы жігітпін. Көп ашуланбаймын, көп сөйлемеймін. Бірақ, отбасыма жағымсыз пікір жазып жатса, мен ашуға бой алдырамын" , - деді Мәди Рымбаев.

Оған қоса, жас әнші өнердегі бірден-бір үлгі тұтар адамдары алдымен анасы, одан кейін ғасы екенін жасырмады.

Айта кетейік, бұған дейін Мәди Рымбаев желіде анасына аса ерекше жазба арнап, елді тәнті еткен болатын.

Сонымен қатар, Мәдидің ағасы Әли Оқапов KAZ.NUR.KZ-ке сұхбат беріп, інісінің өнеріне қатысты пікір білдірген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Отбасыма тиме": Мәди Рымбаев жұлдызды жанұясын сынайтындарға жауап берді
Mailfire view pixel